Компания туралы

Біз туралы

«Кредит Time» микроқаржы ұйымы 2020 жылы құрылды және алғашқы күннен бастап автокөлік пен жылжымайтын мүлік кепілімен қарыз беруге маманданды. Біз қаржыландыруды жылдам, түсінікті және артық бюрократиясыз алуды маңызды санайтын клиенттер үшін жұмыс істейміз.

Біздің негізгі міндетіміз — дәстүрлі қаржыландыру құралдары қолжетімсіз болған кезде уақытша қиындықтарды еңсеруге және жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға көмектесетін сенімді қаржылық серіктес болу.

Жұмыс жылдарында біз кепілмен кредиттеудің түсінікті, тұрақты және тиімді моделін құрдық. Біз тек қарыз беруді емес, клиенттің активін сақтауға және дамытуға көмектесуді мақсат етеміз.

Реквизиттер

  • Толық атауы: ЖШС "Кредит Time" Микроқаржы ұйымы
  • Бас офис мекенжайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Мұстафа Шоқай көшесі, 11
  • Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясы: №04.21.0001.М от 28.01.2021
  • БИН: 200640010377
  • ИИК: KZ848562203109107943
  • БИК: KCJBKZKX
  • Банк: Ақтөбе қ. «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалында

Сандар мен фактілер

6+

жыл қаржылық қызметтер нарығында

13+ млрд ₸

берілген микрокредиттер

3 филиал

Астана; Ақтөбе — екі мекенжай

60 минут

өтінімнен ақша алғанға дейінгі орташа уақыт

Миссия және құндылықтар

Компания миссиясы

Мүлік кепілімен жылдам әрі қолжетімді қаржылық шешімдер ұсыну, клиенттерге бизнес міндеттері мен өмірлік қажеттіліктерін артық бюрократиясыз шешуге көмектесу.

«Кредит Time» МҚҰ қызметінің ерекшелігі — кепілмен кредиттеу. Біздің өнімдер кәсіпкерлер мен тұрақты немесе жоғары табысы бар клиенттерге арналған. Біздің клиенттер үшін шағын несие — күнкөріс құралы емес, даму құралы.

Біз экономикалық тұрғыда осал топтарға қосымша борыштық жүктеме түсірмейміз, керісінше шағын бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына үлес қосамыз.

Біздің көптеген клиенттеріміз — ЖК иелері, фермерлер, құрылысшылар, шағын бизнес иелері, автосалондар, кафелер және басқа да жергілікті кәсіп иелері.

Қаржыландыру көбіне мына мақсаттарға бағытталады:

  • айналым капиталын кеңейту;
  • шикізат, техника немесе көлік сатып алу;
  • тауар қорына инвестиция;
  • бизнестегі қысқа мерзімді кассалық алшақтықтарды жабу.

Қаржыландырудың арқасында клиенттеріміз:

  • жаңа жұмыс орындарын ашады;
  • өзіне және қызметкерлеріне табыс қамтамасыз етеді;
  • салық түсімдеріне үлес қосады;
  • ішкі нарықты дамытады.